Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,4 жер сілкінісі Астана уақытымен Қырғызстан аумағында сағат 10:26-да болған. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Тараздан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым және Қырғызстанның Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!