Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрліктері апиын тобына жататын есірткі жеткізудің трансұлттық арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірлескен арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталған. Олардан шамамен 5 келі ауған апиыны тәркіленген.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!