Қазақстан мен Корея өкілдері қандай құжаттарға қол қойды?

Қазақстан мен Корея өкілдері қандай құжаттарға қол қойды?
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея басшылары Бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  1. Энергетика саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  2. Мұнай-газ және мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы маңызды минералдар мен металдар саласындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы білім алмасу және даму саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Корея Республикасының Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі арасындағы мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
  9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасындағы жұмыспен қамту және еңбек саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясы және Корея Республикасының Қаржылық қадағалау қызметі арасындағы банктерді қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина