- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан мен Катарды...
Қазақстан мен Катарды байланыстыратын әуе рейсі ашылады
Алдағы уақытта Қазақстан мен Катарды байланыстыратын жаңа әуе рейсі ашылады, — деп хабарлайды 24.kz порталы.
Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Бүгін Астанада қос елдің сыртқы істер министрлері кездесіп, өзара сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар жайын талқылады. Әсіресе, Ерлан Ыдырысов пен Халелбед Мухаммед Әл-Атыйя алдыңғы келісімдердің іске асырылуына ерекше назар аударды. Яғни, келешекте Қазақстан-Катар инвестициялық қоры құрылады. Сонымен қатар, қос ел арасын жалғайтын тікелей әуе қатынасы іске қосылмақ. Ал Астанадағы мектеп пен Семейдегі оңалту орталығы құрылысына Катар инвесторлары атсалысады.
Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:
– Кездесу барысында екіжақты маңызды сұрақтарды талқылап, өзара сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерге арнайы көңіл бөлдік. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық.
Е. Жұмабайұлы