- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскери сала
Қазақстан мен Катар әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесе пайдаланады
Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді Сенат депутаттары ратификациялады. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, келісімді ратификациялау екі мемлекет арасындағы әскери білім беруге, әскери қызметшілерді даярлауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге және өзге де салаларда келісілген қызметтер мен жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.
"Қызметшілерді тілге үйрету, ақпараттардың құпиялығын сақтау, кедендік рәсімдеу, дауларды шешу, тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығу өткізу, бейбітшілік пен бітімгерлікті қолдау операцияларда консультациялар алу қарастырылған, заң мәселелері бойынша түзетулер енгізу тәртібі айқындалған. Келісім жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде осы елдердің әуе кеңістігін және әскери полигондарын өзара келісілген мерзімдерде пайдалану, техникаларды тасымалдау мүмкіндігін көздейді", - деді Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.
Осы заңды орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайларда өзге тәртіп көзделмесе, мемлекеттердің заңнамасы аясында тараптар көзделген қаражат шегінде өздері дербес көтеретін болады. Қазақстан және Катар мемлекеттері үкіметтерінің заңды іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары ретінде екі елдің Қорғаныс министрліктері белгіленген.
"Келісімнің нормалары әскери ынтымақтастықтың ауқымы мен формаларын анықтауды, тараптар арасындағы үйлестіру механизмін бекітуді, әскери мүлікті тасымалдау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру, әуе кеңістігін және әскери полигондарды пайдалану, әскери қызметкерлерге тілдік дайындық жүргізу сияқты мәселелерді реттеуді көздейді", - деп атап өтті ол.
Құжат бес жыл мерзімге жасалып, егер тараптардың бірі алты ай бұрын келісімді ұзартпау туралы ескерту жасамаса, әрбір келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылып отырады. Айта кетейік, 2024 жылғы 6 қарашада Мәжіліс депутаттары әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Айта кетейік, Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағаннан кейін Bereke Bank пен Tele2-ні сатуына келісім берген еді. Сондай-ақ Катар Қазақстанда су электр станциясы мен басқа да нысандар салады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет