Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзінен:
- Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады;
- Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Германияда 1 миллионнан аса бұрынғы отандастарымыз тұрады;
- Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді;
- Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажет шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Германия тарапының өтініші бойынша Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту - соның нақты мысалы;
- Бүгінде "Орта дәліз" деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді;
- Қазір Еуропа Одағында Global Gateway стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!