- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан мен Франция Президенттері Бірлескен декларация қабылдады
Қазақстан мен Франция Президенттері Бірлескен декларация қабылдады
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Қазақстан мен Франция Президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұдан кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;
- Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы;
- "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
- "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен Alstom Transport SA компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
- Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан