Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы бекемдей түспек

Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы бекемдей түспек
Фото: 24.kz

Қазақстан мен Еуропалық одақ қай салада болмасын, байланысты бекемдеуге мүдделі.

Бұл туралы Брюссельде өткен Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығы кеңесінің 15-ші отырысы мен «Еуропалық одақ және Орталық Азия» министрлер конференциясында айтылды. Екіжақты кездесуде тараптар өзекті мәселелермен қатар сауда-саттық, инвестиция және энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы түйткілдерді де қаузады. Бұл ретте Қазақстан азаматтарына Еуропалық одақ елдеріне қатынауға визаны жеңілдету жайы да ұмыт болған жоқ.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі: - Бұл кездесу қос тарап үшін де өте маңызды. Серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту барысында бекіген құжат негізінде біз бірінші рет бас қосып отырмыз. Аталмыш құжат Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының 29 саласын қамтиды.

Мирослав Лайчак, Словакияның сыртқы істер министрі: - Министрлер конференциясында біз Еуропалық одақ пен Орталық Азияға тиесілі жаңа стратегияны жүзеге асыру барысын пысықтадық. Оның ішінде аймақаралық халықаралық қауіпсіздік мәселесі әңгімеге арқау болды. Бұл ретте көрші елдерімен бейбіт өмір кешіп жатқан Қазақстанның біз үшін орны бөлек.

Дереккөз: 24.kz

Б. Қанатұлы