Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуына Питер Фостер елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ, осы рейстерді орындау үшін алыс қашыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажет екенін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова