Қазақстан мектептерінде жаңа тыйым салынады

Қазақстан мектептерінде жаңа тыйым салынады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда мектептерде вейптерге тыйым салынады. Білім министрлігі тиісті норманы көздейтін бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттардың ресми тізіміне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Мектепке әкелуге тыйым салынған заттардың тізімінде мынадай жол пайда болады:

  • "электрон тұтыну жүйелері (вейптер) және электрон тұтыну жүйелеріне арналған дәмдер (вейптер)."

Қаулы әлі қабылданған жоқ. Жоба 2024 жылғы 21 маусымға дейін қоғамдық талқылауға түседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан