- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу...
Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктілері төрт күн жұмыс істемейді
2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінен адамдар да, көліктер мен жүктер де өткізілмейді.
Алайда Қзақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан