Қазақстан-Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

Қазақстан-Қытай шекарасында жер сілкінісі болды
Фото: depositphotos.com

Сейсмологтар Қазақстан-Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 қарашада сағат 10:36-да Қытай мен Қазақстанның шекаралас аумағында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 4,2.

Айта кетейік, 25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінді. Сондай-ақ, 28 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:31-де Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Яндекс карта

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жер табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында мүмкіндігіңіз болса, суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?

Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.

Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.

Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова