Қазақстан-Қытай шекарасында электрондық кезектен кемшіліктер анықталды

Қазақстан-Қытай шекарасында электрондық кезектен кемшіліктер анықталды

Қазақстанның көлік прокуратурасы Қазақстан-Қытай шекарасындағы электрондық кезек жүйесіне талдау жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүргізілген талдау Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезектің жұмысында кемшіліктерді көрсетті. Осылайша, "CarGoRuqsa" платформасы АКҚ тіркеместен кезекті формалды брондауға мүмкіндік берген, бұл бос слоттардың жетіспеушілігіне және көлеңкелі нарыққа әкеліп соқты.

"Прокуратураның араласуынан кейін кезекті брондаудың қулық әдісі жойылып, жағдай жақсарды, бұл шекарадан өту процесін ашық және қолжетімді етті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар "Қорғас" кеден бекетінде бақылау процедурасы қайта қаралды және адам факторының әсерін барынша азайтатын "КеденШЫХО" жүйесі енгізілді.

Шекараны бақылауды жақсарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Прокуратура жағдайды жақсарту үшін азаматтар мен бизнесті белсенді қатысуға шақырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!