Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды. Біздің еліміз БРИКС-ке қатысушы мемлекеттердің Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіргеніне қосылады, бұл адам шығыны мен гуманитарлық апатқа әкеп соқты. Біздің ойымызша, кедейлік, теңсіздік және білім жетіспеушілігі сияқты жанжалдардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміз Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

"БҰҰ Жарғысында белгіленген диалогтар қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ете отырып, БРИКС-тің күн тәртібінің негізі болды", - деді Президент.

Анықтама: БРИКС (BRICS) - 9 мемлекеттің бірлестігі: Бразилия, Ресей, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет және Эфиопия. Ұйым 2006 жылы маусымда құрылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!