• 496.66
  • 490.7
  • 5.54

Қазақстан қысқы Универсиада ойындарын 14 медальмен аяқтады

Қазақстан қысқы Универсиада ойындарын 14 медальмен аяқтады
Фото: qaz_team_official

Италияның Турин қаласында ұйымдастырылған XXXII Қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыста 14 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 12-орын алды, - деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

Жарыстағы соңғы жүлдені шорт-тректен ерлер құрамасы иеленді. Олар 5000 метрлік эстафетада қола жүлдеге қол жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Home of Qazaqstan Sports (@qaz_team_official)

Универсиада қорытындысы бойынша отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды. 

🥇 Анастасия Городко (фристайл могул)
🥇 Анастасия Городко (параллель могул)
🥇 Никита Акимов (биатлон)

🥈 Аяулым Әміренова (параллель могул)
🥈 Антон Бондарев (параллель могул)
🥈 Денис Зинов (парашаңғы, спринт)
🥈 Денис Зинов (парашаңғы, 10 км)

🥉 Роман Құрбанов (парашаңғы, спринт)
🥉 Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км)
🥉 Арина Крюкова (биатлон)
🥉 Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау)
🥉 Кирилл Бауэр (биатлон)
🥉 Шорт-тректен аралас құрама
🥉 Шорт-тректен ерлер құрамасы

Жалпыкомандалық есепте Франция құрамасы бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Корея мен Финляндия елдері орналасты. 

О. Сансызбай