Қазақстан, Қырғызстан, Ресей бірлескен операция өткізді: Бішкекте бір адам ұсталды

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей бірлескен операция өткізді: Бішкекте бір адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Ішкі істер министрліктерінің киберполициясы бірлесіп өткізген операция нәтижесінде трансұлттық қылмыстық топ әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 қыркүйекте күдікті Бішкек қаласында ұсталған. Ол жалға алған пәтерді тінту кезінде 32 слотты сим бокс, үшінші тұлғаларға рәсімделген 70-тен аса SIM карта, IP-ді алмастыруға арналған жабдықтар, компьютерлер мен телефондар тәркіленген. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті қылмыстық әрекеті үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып отырған.

"Мұндай құрылғылар қылмыскерлерге банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан фрод қоңыраулар мен хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Олардың көздегені - азаматтардың ақшасын және жеке деректерін ұрлау", - деді ІІМ өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget