Бас прокуратура Қазақстан тағы бір елмен қылмыскерлерді беру туралы келісімге келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокурор Берік Асылов Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен барып, Марокконың әділет министрі Абдель Латиф Уахбимен келіссөз жасаған.
"Кездесудің нәтижесі қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық келісімдер жасау болды", - деп жазылған хабарламада.
Берік Асыловтың айтуынша, Марокко Корольдігімен мұндай келісімдерді жасау Қазақстан үшін өте маңызды, себебі географиялық орналасуына байланысты бұл ел - Гибралтар бұғазы арқылы Африканы Еуропамен байланыстыратын бағыт.
Бас прокурор 12 жыл бұрын Қазақстан Мароккоға жақын орналасқан Еуропалық мемлекет - Испания Корольдігімен осындай халықаралық шарттарға қол қойғанын еске салды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз