- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан қылмыс деңгейі...
Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингінде нешінші орында тұр?
Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 1 пайызға өскен, - деп хабарлайды Finprom.kz.
Қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 47-орында тұр. Ел индексі 53,04 болған.
Рейтингтегі елдер индексі сауалнама арқылы бағаланған. Қылмыс индексі - белгілі бір қалада немесе елде қылмыстың жалпы деңгейін бағалау. Сарапшылар қылмыс деңгейі 20-дан төмен, 20-дан 40-қа дейін, 40-тан 60-қа дейін, 60-тан 80-ге дейін, 80-нен жоғары деп санайды.
Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан қылмыс ең жоғары деңгейде тіркелген елдер қатарына жатады. ТМД елдері арасында Беларусь пен Қырғызстанда қылмыс деңгейі жоғары екені, ал Молдовада, Украинада, Ресейде, Өзбекстанда және Әзербайжанда төмен екені байқалады.
Қазақстандық ресми статистикаға сәйкес, биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша құқықбұзушылық деңгейі 10 мың адамға шаққанда 91,5 болған, бұл былтыр 91,8 болған.
Өңірлер бойынша қылмыстың ең жоғары деңгейі Алматыда болған, 10 мың адамға шаққанда 191,5. Ал былтыр 140,5 болған. Үштікте елорда мен Батыс Қазақстан облысы да бар. Ең жоғары көрсеткіш ресми түрде Түркістан облысында тіркелген, өңірдің 10 мың тұрғынына шаққанда 32,2 құқықбұзушылық болған. Жыл басынан бері елімізде 87,1 құқықбұзушылық тіркелген, бұл былтырғыға қарағанда 1,1 пайызға артық. Ең аз қылмыстық құқықбұзушылық дерегі Қызылорда облысында тіркелген, онда 1,9 мың болған. Бұл былтырға қарағанда 5,2 пайызға аз.
Ж. Қадыржанова