- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан құрамасының капитаны...
Қазақстан құрамасының капитаны өзінің сәтсіз трансфері туралы айтты
"Ордабасы" мен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Шымкент клубына ауысар алдында 2013 жылдан 2015 жылға дейін өнер көрсеткен "Ақтөбеге" оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Ақтөбе" мен үшін ерекше клуб. 2013 жылы Аймбетов жеңіс голын соққан кезде бірінші мәрте чемпионатты жеңіп алдым. Жұбайым екеуміз сол жерден бірінші пәтер сатып алдық, қызымыз дүниеге келді. Біз барлық қиындықтарды дәл сол жерде бастан өткердік. Осы жылдың басында "Ақтөбе" мені қайта шақырды. Карпович мені командада көргісі келетінін жеткізді. Бірақ қос клубтың басшылары өзара келісе алмады. Ал біз отбасымызбен Ақтөбеде тұрғымыз келді", - дейді Асхат Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Бұған дейін белгілі болғандай, Тағыберген өткен маусымда тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанған "Ордабасыда" мансабын жалғастыруды жөн санады. 33 жастағы жартылай қорғаушы Шымкенттік команда үшін үшін ҚПЛ-да 24 матч өткізіп, 11 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
Естеріңізге сала кетейік, Тағыбергеннің Дания құрамасының қақпасына голы Еуро-2024-тің іріктеу кезеңіндегі үздік гол деп танылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов