Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық командаға ауысты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" командасына ауысты, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.

Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

"Кошице" - Словакияның жоғарғы лигасындағы клуб. Қазіргі таңда 18 турдан кейін турнирлік кестеде 7-орында келеді. 

Айта кетейік, Ғалымжан бұған дейін Кипрдің "Акритас" командасында ойнап жүрген еді. "Кошицемен" қатар Испанияның екінші Сегундасындағы бір клубтан да ұсыныс болған.