Қазақстан құрамасы семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында қола медальға ие болды

Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар өнер көрсетті:

  • София Ақтаева;
  • Алена Гноева;
  • Алина Искандерова;
  • Алуа Нұрқанова.

Отандастарымыз қола жүлде үшін Чехиямен кездесіп, 45:31 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз