Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген еді.
Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.
Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!