Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Жарыста Алуа Нұрманова тамаша өнер көрсетіп, матчтың басында-ақ қарсыласы Йозефина Хайнеманнан басым түскен.
"Одан кейін Бибісара Ассаубаева Элизабет Патцті жеңіп, командасына екі жеңіс әкелді. Әмина Қайырбекованың жеңісі Қазақстанның жартылай финалға шығуға мүмкіндік берді. Бұл екі команда арасындағы кездесу өте тартысты өтті", - деп жазылған ФИДЕ Twitter-дегі парақшасында.
ФИДЕ баспасөз қызметі атап өткендей, енді ел құрамасы жартылай финалда Франциямен кездеседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!