Қазақстан құрамасы Әдиев кеткеннен кейін алғашқы мачта жеңіліске ұшырады

Қазақстан құрамасы Әдиев кеткеннен кейін алғашқы мачта жеңіліске ұшырады
Фото: Instagram / @kff_team

Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу Ереванда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Біріншісінде олар Александр Марочкиннің 4-минутта соққан автоголының арқасында алға шықса, екінші, 58-минутта Ваган Бичахчян гол соқты. Қазақстандықтар тарапынан 90+6-минутта пенальтиден Бауыржан Исламхан гол соқты. 

Бірінші таймның басында армяндардың еншісінде қалғанын айта кеткен жөн. Қазақстандықтар тайм ортасына таман жүгіріп, қарсылас қақпасына жасаған әрекеттері нәтижесіз болды. Үзілістен кейін екі жақтың да гол соғатын мүмкіндігі болды, бірақ бір-ақ рет мұны сәтті пайдалана алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан