Қазақстандық боксшылар Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен жастар арасындағы Futures Cup турнирінде сегіз медальға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кешкі сессияның қорытындысы бойынша отандастарымыз бір алтын, үш күміс медаль жеңіп алды.
Бейбарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақтың финалында Қырғызстан өкілі Ахмади Арвазды жеңді.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Камила Оспанова финалда италиялық Сара Скорраноға жол берді.
Тимур Тайбеков 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде грузиялық Давит Мхитцадзеге есе жіберді.
Сондай-ақ Владислав Саможонов 90 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында Өзбекстан өкілі Ислам Салиховтан жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт алтын, төрт күміс және үш қола медаль бар. Бұған дейін, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) алтыннан алқа тақса, Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) күміс алды.
Ал Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz