Қазақстан құпия өнертабыстар туралы келісімнен шықты: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстан құпия өнертабыстар туралы келісімнен шықты: Тоқаев заңға қол қойды
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы "1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Қазақстанның КСРО-ның құпия өнертабыстар туралы келісімінен шыққан еді.

Қазақстан бұл келісімді сонау 2001 жылы ратификациялаған. Құжат ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде бар құпия өнертабыстар туралы ақпараттың құпиялылық режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық қорғау және КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібін белгілеу үшін әзірленген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан