V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан ұлттық құрамасы 25 медальға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күнін Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы саны 25 медальмен аяқтады. Олардың 14-і алтын, 3-і күміс және 8-і қола.
Әзірге Қазақстан медаль саны бойынша халықаралық жарыста көш бастап тұр.
Одан кейінгі орында көршілес үш ел: Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстан тұр. Үздік бестікті Франция елінен келген спортшылар қорытындылады.
Еске салайық, 8 қыркүйекте басталған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада өтіп жатыр. Халықаралық жарыс 13 қыркүйекте аяқталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз