- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан коронавирустың екінші...
Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындықты күшейтті
Әлемнің бірқатар елінде вирус қайтадан күш алып жатқанына байланысты елімізде коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық басталып кетті.
Қазір Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі – 0,1 пайыз. Бұл көрші елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Айталық, ТМД елдерінде өсім 0,5 пайыз.
Дегенмен алда қауіпті кезең келе жатыр дейді мамандар. Сол себепті, дайындық ширай түсті. Сонымен, 71 мыңнан астам төсек орындары жабдықталып жатыр. Бұл қазіргіден 7 есеге көп. 3 жарым мыңнан астам мобильді топ жасақталған. Өкпені жасанды желдетуге арналған 5000 құрылғы жеткізіледі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін екенін айтты.
"Біз қазір болжам жасап жатырмыз, қазіргі жағдайды бағалаймыз. Ең дәл болжамдар екі апта ішінде жасалады. Күнде келіп жатқан көрстекіш әртүрлі. Қараша - желтоқсан айларында науқастар саны өсуі мүмкін деп отырмыз. Бұл екінші толқын болуымен байланысты, сондай-ақ, жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаумен байланысты", - деді Цой.