Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы алтыны түсті

Қазақстандық могулшы Анастасия Городко Туринде басталған қысқы Универсиада ойындарында топ жарды, - деп хабарлайды massaget.kz.

Анастасия Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Күмісті жапон спортшысы Харуко Накао, қоланы неміс қызы Ханна Уиз иеленді. 

🥇- Анастасия Городко - 79.79.
🥈- Харуко Накао - 76.29.
🥉- Ханна Уиз - 75.04.

Жарыстың ашылу салтанатында Туды ұстап шыққан Аяулым Әміренова 5-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Анастасия Городко өткен аптада Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да алтын және күміс медаль еншілеген болатын.