- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан" қонақүйі иесінің...
"Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен арыз түскен: сот шешімі шықты
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде Алматы қаласының танымал қонақүйін мәдени маңызы бар субұрқақты жаңғыртуға міндеттеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы қонақүйден нұсқауды мәжбүрлі түрде орындауды талап еткен. Алайда басқарма қонақүйдің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңның 17-бабы 1-тармағының 4, 4-1, 6) тармақшаларын бұзғанын көрсетіп, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қойды.
"ЖШС "Қазақстан" қонақүйіне іргелес аумақта субұрқақты жаңғыртқан. Жұмыс жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз жүргізілген. Бірақ субұрқақты жоспарланған қайта жаңғыртудың орнына бассейн құрылысы басталды. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсат беру құжаттарынсыз жүргізілген. ЖШС субұрқақты өз бетінше жаңғырту жөнінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқауды орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Сонымен қатар, субұрқақ Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген, қонақүй ғимараты кіретін күзет аймағының аумағында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Сот осы жағдайларды ескере отырып, қойылған талапты қанағаттандырды және тапсырыс берушіні басқарманың бұйрығын орындауға мәжбүрледі. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін "Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түскені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова