Қазақстан қай елдерге қандай тауарларды экспорттап жүргені белгілі болды

Қазақстан қай елдерге қандай тауарларды экспорттап жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"KazakhExport" ЭСК" АҚ мәліметінше, Қазақстаннан экспортталатын негізгі өнімдер: күнбағыс майы, тазартылған күнбағыс дәндері, ұн, ірі қара еті, бройлер еті, қосалқы өнімдер, тауық жұмыртқасы, кондитерлік өнімдер, арматура және ағы басқасы. 

Қазақстан көбіене Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Сингапур, Түрікменстан, Қырғызстанға экспорт жасайды.

Бәсекелестік өсіп жатыр: Қазақстан бидайды қайда экспорттайды?

Еске салайық, Президент Сауда және интеграция министрлігіне қазақстандық тауарларды экспортқа белсенді түрде шығаруды тапсырған болатын. 2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі - 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп. Қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард доллар болды. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады.

Өңделген өнімдер экспорты 26,5 миллиард доллар болып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз