Қазақстаннан Катарға қой еті экспорты 75 пайызға артты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жуырда Катар астанасы Доха қаласында қазақстандық экспорттаушылардың іскерлік миссиясы өтті. Кездесуге Қазақстан мен Катардан ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп және IT-технологиялар сияқты негізгі секторлардан 30 компания қатысты.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан мен Катар арасындағы тауар айналымы 6,2 миллион АҚШ долларына жеткен.
"Бұл екіжақты сауда қатынастарының қарқынды дамуын көрсетеді. Негізгі жетістіктерге Қазақстаннан Катарға қой еті экспортының айтарлықтай өсуі жатады, ол 75 пайызға өсті. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары екенін және екі ел арасында аграрлық сектордың маңызын көрсетеді", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!