Қазақстан қарулы қақтығыс болу қаупі жоғары елдердің қатарына енді - зерттеу

Қазақстан қарулы қақтығыс болу қаупі жоғары елдердің қатарына енді - зерттеу
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік экономикалық форум қарсаңында жүргізілген Жаһандық тәуекелдерді зерттеу (Global Risk Report зерттеуі) Қазақстанды қарулы қақтығыс болу қаупі жоғары елдер қатарына қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Зерттеуге сәйкес Қазақстан алдағы екі жылда мемлекеттік қарулы қақтығыстар қаупі ең жоғары елдердің бірі болып отыр. Тізімде геосаяси тәуекел аймағына 12 ел кіріп отыр. Олардың арасында Армения, Колумбия, Кот-Д-Ивуар, Ирак, Израиль, Латвия, Румыния және Польша мемлекеттері де бар.

инфографика: Global Risk Report 2025

Сауалнамаға әлемнің түкпір-түкпірінен 11 мыңнан астам респондент қатысқан. Нәтижесінде мамандар әлеуметтік, технологиялық, геосаяси, экологиялық және экономикалық салаларда кездесетін 34 тәуекелді анықтап отыр. Оның ішінде қарулы қақтығыс қаупі бірінші орынға шықты.

Қазақстан үшін алдағы екі жылда қарулы қақтығыстардан бөлек тағы бірнеше тәуекелдер белгілі болып отыр. Олар экономикалық құлдырау, су тапшылығы, кедейлік пен теңсіздік, инфляция. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан IQ (интеллект) деңгейі бойынша нешінші орында екенін жариялаған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин