- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан қалаларында пәтер...
Қазақстан қалаларында пәтер қанша тұрады?
Қазақстан қалаларында пәтерлер қанша тұрады? Бұл туралы Krisha.kz материалында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандағы қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныстың орташа бағасы - 7 миллион теңгеден 42.5 миллион теңгеге дейін. Ең арзан тұрғын үй - Қызылордада, ең қымбат тұрғын үй - Алматыда.
Пәтерлердің орташа бағасы:
Krisha.kz аналитикалық қызметі мәліметінше, орташа баға динамикасы жыл басынан бері тұрақты. Қаңтардан маусымға дейін 10 қалада пәтер арзандаған:
- Қызылордада: -3 пайыз;
- Семейде: -1,9 пайыз;
- Шымкент, Қарағандыда: -1,7 пайыздан;
- Алматы: -1,3 пайыз;
- Атырау: -1,2 пайыз.
Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында – 1 пайыз мөлшерінде.
Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен, ең көбі Петропавлда (+4.7 пайыз), Ақтауда (+3.1 пайыз), Орал қаласында (+1.9 пайыз). Астанада бағалар өзгерген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан