Еліміздегі әлі күнге дейін бір жүйеге түспеген мәселе қағазбастылық. Қайда барсаңыз да, қол қойдыруға және анықтама тасып жүруге тура келеді. Жақында бұл мәселенің де шешімі табылады. Мәселен, ендігі жерде азаматтарымыз мемлекеттік орындарға мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқытар мен жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде тасып жүруге міндетті емес. ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев берген тапсырма негізінде Анықтамасыз қызмет қызметі электронды үмкімет порталында іске қосылды. Жаңа пилоттық жоба SMS-хабарлама арқылы тұтынушының рұқсаты расталған жағдайда ғана үшінші жаққа ақпараттық анықтама ұсынуға мүмкіндік береді. Аталған сервисті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ережеге сәйкес мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында тіркелу жұмысын жасауға тиіс. Содан кейін үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі бөлімін таңдап, қай азамат туралы ақпарат алғысы келеді және оның жеке сәйкестендіру номерін теру керек. Кейін электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Портал автоматты түрде SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлға туралы мәлімет беру, бермеу туралы шешім қабылайды. Өтініш берген азаматқа жауап 2 сағат ішінде келеді.