Мәжіліс депутаты Сұлтан Сегізбаев Қазақстан сүт пен ет өнімдерін терең өңдемеу салдарынан жыл сайын 800 млн доллардан айырылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру серпіні тұрақты дамуды көрсетеді және өсу үрдісіне ие.
"Бірақ терең өңдеудің үлесі әлі де төмен. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің үлесі еліміздің барлық өнеркәсібі өнімдерін өндірудің жалпы көлемінің небәрі 6 пайызына тең. Атап айтқанда, 2023 жылы сүтті өңдеу үлесі - 33 пайыз, етті өңдеу - 41 пайыз, жүнді өңдеу - 19 пайыз, ірі қара мал терісін өңдеу үлесі 6 пайызға тең", - деді Сұлтан Сегізбаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Депутат дайын өнімнің импорты өсіп келе жатқанын атап өтті. Алайда еліміз жыл сайын 800 млн доллар табыстан айырылып отыр.
"2023 жылы сүт өнімдері бойынша өсім 400 млн доллар болып, 20 пайыздан асты, ал ет пен ет өнімдерінің импорты 408 млн долларға жетті. Осылайша, тек ет пен сүт өнімдері бойынша қайта өңдеудің нашар жүргізілуінің салдарынан біз жыл сайын 800 млн доллар жоғалтып, олар шетелдік фермерлерді қаржыландыруға кетіп жатыр", - деді ол.
Сұлтан Сегізбаев мәселенің негізі себептеріне тоқталды:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз