Қазақстан жолдарына 4,6 трлн теңге бөлінбек

Қазақстан жолдарына 4,6 трлн теңге бөлінбек
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2029 жылға дейін 10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр бүгінде оның 5 мың шақырымы аяқталғанын айтты. 2029 жылға дейін тағы 5 мың шақырым жөнделеді.

"Автожол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техноген минерал қалдықтары (ТМҚ) пайдаланылады", - деді Нұрлан Сауранбаев.

Министр алдағы үш жылда жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырымға жететін, қаржыландыру көлемі 4,6 трлн теңге болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget