Орбитада жарты жыл жұмыс жасаған халықаралық ғарыш стансасының экипажы Жерге биыл 12 наурызда оралады, деп хабарлайды ТАСС Роскосмосқа сілтеме жасап. Бұл туралы bnews.kz жазды.
«Союз ТМА-14М» ғарыш аппараты 12 наурыз күні сағат Астана уақыты бойынша 08:09-да Қазақстанның Жезқазған қаласынан 147 км қашықтықтағы жерге қонады деп жоспарланып отыр», - деді Роскосмос өкілі.
Ғарыш аппараты 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Байқоңырдан ұшқан еді.
сурет: academic.ru