ОПЕК+ құрамындағы жеті ел мұнай өндірудің мақсатты көрсеткіштерін арттыру туралы келісімге келді. Толық мәлімет альянстың ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәлімдеме
ОПЕК+ альянсына мүше жеті мемлекет - Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман - 3 мамырда әлемдік нарықтың қазіргі жағдайы мен болашағын қарастыру мақсатында виртуал форматта кездесу өткізді.
Мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтау жөніндегі ұжымдық міндеттемелер аясында жеті ел мұнай өндірісін тәулігіне шамамен 188 мың баррельге түзету туралы шешім қабылдағаны нақтыланды. Бұл түзету 2026 жылғы маусымда іске асырылады.

Скриншот: ОПЕК+ сайты
Мәліметке сәйкес, елдер нарық жағдайын жіті бақылап, бағалауды жалғастырады.
Сонымен қатар, жеті ел Ынтымақтастық декларациясына, соның ішінде Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) бақылауында болатын мұнай өндіруді қосымша ерікті түрде түзетулерге толық сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша ұжымдық міндеттемелерін тағы да растады. Сондай-ақ, олар 2024 жылғы қаңтардан бастап артық өндірілген кез келген көлемнің орнын толық толтыру ниетін де қуаттады.
ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет нарық жағдайын қарастыру, міндеттемелердің орындалуын және өтемдік шаралардың жүзеге асырылуын бақылау үшін ай сайын кездесу өткізіп тұрады. Келесі кездесу 2026 жылғы 7 маусымға жоспарланған.
Мән-жай
Еске салайық, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері 2026 жылдың 1 мамырынан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) және ОПЕК+ альянсынан шығатынын мәлімдеген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz