Қазақстан және Әзербайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ақтау маңында Әзербайжан AZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған отбасыларына және бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтты. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ өңірлік форматтар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі жан-жақты нығайтуға өзара дайындық расталды. 2025 жылғы алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!