Қазақстан, Иордания және Орталық Азия елдері басшылары Астанадағы саммитке жиналды

Қазақстан, Иордания және Орталық Азия елдері басшылары Астанадағы саммитке жиналды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Астанада Ақаба процесінің "Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік" тақырыбына арналған саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да тұлғалар қатысып жатыр.

Ақаба процесі – Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.

Бұл алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінікті қалыптастыру және нақты әрекет ету шараларын үйлестіру мақсатында мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады.

Жиын басталар алдында Ақорданың баспасөз қызметі саммитке қатысушылардың суретін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

О. Сансызбай
Logotype Massaget