ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында өңірлік инвестициялық жобалар тізімін дайындау жұмыстары жөнінде есеп берді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз орталығы хабарлады.
Ж. Қасымбек салалық мемлекеттік органдармен, облыс әкімдіктерімен және ұлттық компаниялармен бірлесіп, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін өңірлер мен салалар тұрғысынан алғанда тауашалы жобалар тізімін әзірлеп, оларды халықаралық стандарттарға сай рәсімдеу жоспарда бар екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, әлеуетті шетелдік инвесторлар пулы пысықталады. Бұл ТҰК-ның, ірі инвестициялық қорлардың, сондай-ақ халықаралық салалық компаниялардың мақсатты ортасы. Олармен барлық тиісті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен әкімдіктер өз салаларының немесе өңірлерінің тауашалы жобаларына инвестициялар тарту бойынша жүйелі түрде келіссөздер жүргізетін болады.