Қазақстан имиджіне нұқсан келді - депутат Грекиядағы өрт туралы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Грекияның Гидра аралында болған өртке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат бұл деректі құзырлы органдар тексеруі керек деген пікірде.

"Грек қызметтері ол жақта қазақстандықтар болғанын растады. Мұндай ақпарат жайдан жай жарияланбайды. Біздің олигархтар әрекетін қалай жасыратынын білеміз. Әсіресе, (бұл жағдай) шетелде болса. Сондықтан мен осындай жағдай болған деп болжаймын. Қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары бұл іспен тығыз айналысуы керек. Бұл жағдай ұлттық мүддемізге қатты қайшы келмеген шығар. Бірақ ең бастысы, елдің имиджіне нұқсан келді", - деді Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Депутаттың пікірінше, Грекияда аралында болған өрт – экологиялық қылмыс.

"Сондықтан қылмыс тергелуі керек. Бас прокуратура "Бәсе" арнасындағы Айдос Садықовтың ісіндей бұл іске де кірісуі керек. Сол себепті мен бұл бағытта тек істің объективті қаралуын күтемін", - деп сөзін түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін аралда шыққан өртке қазақстандықтардың қатысы бары хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!