Қазақстан Илон Масктың жаңа платформасына қаржы инвестиция жасайтыны рас па?

Қазақстан Илон Масктың жаңа платформасына қаржы инвестиция жасайтыны рас па?
Фото: Midjourney

Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі тарап жатыр. Видеода Президент қазақстандықтарды Илон Масктың жаңа инвестициялық платформасына қаржы салуға үгіттейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Видео дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріліп, оның нейрожелі арқылы жасалғаны анықталды.

Ірі қазақстандық және ағылшын тілді БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпараттар жоқ. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында да жазылмаған.

Желіде Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы жарияланым көп. Олардың бәрінда ақпараттың жалған екені айтылған. Илон Маск пассив табыс табу үшін платформа жасаған жоқ, ал мұндай стартаптарға ақша салуға үндеу - кибер алаяқтардың ісі.

Демек таралған хабарламаға сенбеген жөн. ҚР Президентінің видеосы - дипфейк, ал Илон Масктың инвестициялық платформасы жоқ.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сағаттық белдеулер неге байланысты пайда болған?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек