Қазақстанда 10 488 074 әйел бар. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасы бойынша
Әйелдердің жасы бойынша көрсеткіш мынадай:
- 0-15 жас аралығында 29,1 пайыз;
- 16-60 жас аралығында 55,5 пайыз;
- 61 жастан жоғары 15,4 пайыз.
Әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас.
Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:
- Алматы қаласында 1,2 млн әйел;
- Түркістан облысында 1 млн әйел;
- Астана қаласында 803,5 мың;
- Алматы облысында 778,5 мың әйел бар.
Жұмыспен қамтылғандар саны
Жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі - 48 пайыз немесе 4,4 млн. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50 пайыз. Өзін жұмыспен қамтығандар арасындағы үлес - 45 пайыз.
Әйелдер көбіне қай салаларда жұмыс істейді?
- Білім - 20 пайыз,
- Сауда - 19 пайыз,
- Денсаулық сақтау саласы - 10 пайыз,
- Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі - 50,8 пайыз.
Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар көп, яғни 1,3 миллион әйел бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова