Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялап, халқы көп өңірлерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бюро мәліметінше, жылдың басында Қазақстанда 20 286 084 адам тұрған. 2024 жылы қазақстандықтардың саны 252 242 адамға артқан.
Республикадағы үш қала мен төрт облыста миллионнан аса адам тұрады. Халқы тығыз орналасқан өңірлер - Алматы мен Түркістан облысы, онда 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.
Астана (1 528 887 адам) және Алматы облысында (1 560 377 адам) 1,5 миллионнан аса адам тұрады.
Миллионнан аса халқы бар қалалар мен өңірлер қатарына мыналар жатады:
Халық саны ең қарқынды өсіп жатқан қала - Астана. Елордада халық саны 6,91 пайызға артқан. Салыстыру үшін: Алматыда бұл көрсеткіш - 2,86 пайыз, ал Шымкентте 2,80 пайыз болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!