Қазақстан халқының саны жарияланды

Қазақстан халқының саны жарияланды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады. Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 20 159 707 адам тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрды. Кейінгі алты айда қазақстандықтардың саны 126 мың адамға артты.

Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер бестігіне Алматы (2 258 253 адам), Түркістан облысы (2 150 796 адам), Алматы облысы (1 545 564 адам), Астана (1 472 027 адам) және Шымкент (1 238 969 адам) кіреді.

Жамбыл (1 223 670 адам) және Қарағанды (1 134 776 адам) облыстарында миллионнан аса адам тұрады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 573 637 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 586 070 отандасымыз - ауылдық жерлердің тұрғындары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова