Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 маусымдағы санақ бойынша ел халқының саны 19 миллион 766 мың 807 адам болды.
Елімізде қала халқына жататын азаматтар саны - 12 209 896 адам, ауыл тұрғындарының саны - 7 556 911. 2023 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 112 196 адамға өсті.
Еліміздегі тұрғындар ең көп қоныстанған өңір - Алматы қаласы. Халық саны бойынша мұнда 2 161 902 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы, онда 2 119 226 адам, үшінші орында Алматы облысы, онда 1 505 896 адам.
Астана халық саны бойынша төртінші орында, онда 1 354 556 адам. Жамбыл облысы бесінші орында, өңірде 1 218 158 адам тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!