1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі атап өтіледі. Massaget.kz тілшісі бұл күні Астана мен Алматы қалаларында баруға болатын іс-шаралар топтамасын ұсынады.
1 мамыр
1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде тойланып келді. Алайда 1995 жылғы күзде 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп белгілеу туралы жарлыққа қол қойылды.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанына 31 жыл толуын атап өтіп жатыр. Ұйым 1995 жылы құрылған. Оның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын этностар арасындағы бейбітшілікті, келісім мен достықты нығайту. Сондай-ақ, Ассамблея ұлтаралық қатынастар мәселелерін шешуге көмектеседі және ел бірлігін бекемдеуде маңызды рөл атқарады.
1 мамыр туралы не білуіміз керек?
Мерекенің мемлекеттік мәртебесі бар болғандықтан, бұл күн - ресми түрде демалыс.
2026 жылы 1 мамыр жұмаға сәйкес келеді:
- бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады (1, 2 және 3 мамыр).
- алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұма, 1 мамыр - демалыс, сенбі, 2 мамыр - жұмыс күні, ал жексенбі, 3 мамыр - қайтадан демалыс болады.
Қазақстанда қай ұлттар көп?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 124 этнос өкілі тұрады. Олардың арасында қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, сондай-ақ, цахурлар, нивхтер, удэгейлер, кеттер, чукчалар, саамдар және басқа да саны аз халықтар бар.
Күні кеше Бюро 2026 жылдың басына қарай.
- Қазақтар – 14 664 202;
- Орыстар – 2 943 022;
- Өзбектер – 695 557;
- Украиндар – 367 547;
- Ұйғырлар – 309 164;
- Немістер – 222 890;
- Татарлар – 218 361;
- Әзербайжандар – 157 568;
- Корейлер – 120 821;
- Түріктер – 93 234;
- Дүнгендер – 88 165;
- Беларустар – 73 788;
- Тәжіктер – 61 307;
- Күрдтер – 52 077;
- Қырғыздар – 41 459.
2026 жылғы 1 мамырдағы мерекелік іс-шаралар: Алматы мен Астана
Астанада қайда баруға болады?
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 1 мамырда Достық үйінің алаңында "Қазақстан – бірлік мекені" фестивалі өтеді.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап фестивальдер, концерттер, жәрмеңкелер, спорттық және отбасылық іс-шаралар өтеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бірнеше жерде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады:
- "Жетісу" саябағы;
- Есіл өзені жағалауындағы Арбат аумағы;
- "Жастар" сарайы.
Сонымен қатар, 1 мамырда сағат 12:00-де қалалық алаңда Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Бұған қоса, бұл күні "Жерұйық" саябағында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және "Жағалау-3" ТҮК тұрғындары арасында шахмат турнирі өткізіледі.
Мерекелік іс-шаралар 2-3 мамырда да жалғасады. Бұл күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, соның ішінде Keryen Joly аумағында және сауда-ойын-сауық орталықтарында концерттік бағдарламалар өтеді.
Алматыдағы концерттер, жәрмеңкелер мен мерекелік серуендер
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1 мамырда қалада бірден екі ірі концерт ұйымдастырылады.
"Басты оқиға - 1 мамырда сағат 11:00-де Абай алаңында басталатын "Бірлігі жарасқан Алматы" достық фестивалі болмақ", - деді әкімдіктегілер.
Фестивальде өнер көрсететіндер:
- Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева;
- Luina, Парвиз Назаров, Роман Ким, Руми және Янис;
- "Алатау серілері", "КешYOU", "Baraban'Dashow" топтары;
- "Дервиши", "IL Canto", "Komuzbeats";
- "Бозторғай" фестивалінің солистері;
- "Салтанат", "Бахар", "Рухсара", "Нам Сон", "Бастау", "Наири" би ансамбльдері.
Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай алаңында мерекені DostykFest концерттік бағдарламасы жалғастырады. Онда мына өнерпаздар шығады деп күтілуде:
- Айқын Төлепберген, Qanay, Еркеш Хасен, Ayree;
- Нұрсұлтан Нұрбердиев, Әсет Арыстанбек, Мәди Рымбаев, Бағдат Сейіт;
- Hulan-Aru, Dosekesh, Балауса Ерғалина, Жарқынай, Назым Әбілдина;
- "Alpha", "КешYOU", "Astra" және "Ayafunk" топтары.
Сонымен қатар, 1 мамырда сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін Абай алаңында гастрономиялық жәрмеңке өтеді. Оған 15-ке жуық мейрамхана, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
2 мамырда дәл осы алаңда "Отбасы Fest" отбасылық фестивалі ұйымдастырылады. Бағдарлама екі блоктан тұрады:
- 10:00-18:00 – жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі;
- 19:00-21:00 – отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт.
Бұдан бөлек, қалада мынадай іс-шаралар өтеді:
- 10:00, Алмалы ауданының кітапханасы - "Береке басы – бірлік" мерекелік кеші;
- 11:00, Бегалин атындағы Орталық балалар кітапханасы - "Қазақстан – достық мекені" танымдық-ойын-сауық бағдарламасы;
- 12:00, Тілендиев мемориалдық мұражайы - "Бірлік әуені – ел жүрегі" концерті;
- 14:30, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры - ұлттық билер мен әндерді орындайтын қуыршақтардың қатысуымен өтетін "Қуыршақ Думан" қайырымдылық спектаклі.
Сондай-ақ, 1 мамырдағы мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданын қамтиды:
- Алатау ауданы - Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы: мерекелік концерт.
- Алмалы ауданы - 11:00, Сайран көлінің шығыс жағалауы: эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт, қолөнершілер көрмесі, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық аймақтары.
- Әуезов ауданы - 11:00, Family Park және "Сарыарқа" сквері: концерттік бағдарлама.
- Бостандық ауданы - 11:00, Тұңғыш Президент саябағы: мерекелік концерт және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі.
- Жетісу ауданы - 10:00, Айнабұлақ шағын ауданы (Мұқтай көшесі): ұлттық киімдер шеруі; Арбат (Айнабұлақ): мерекелік іс-шаралар және ұлттық киімдер көрмесі.
- Медеу ауданы - 14:00, Абай алаңы: шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерт.
- Наурызбай ауданы - 19:00, Шұғыла шағын ауданындағы (347) амфитеатр: "Болған оқиға" көркем фильмінің ашық аспан астындағы көрсетілімі.
- Түрксіб ауданы - 11:00, Сейфуллин атындағы саябақ: концерт, этномәдени бірлестіктердің көрмелері, мектеп оқушылары арасында баскетболдан 3-ке-3 спорттық жарыстары және мерекелік сауда.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!