- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан халқына" қорынан...
"Қазақстан халқына" қорынан көмек алу үшін қайда жүгінуге болады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылы "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Қор қиын өмірлік жағдайға тап болған және қолдауды қажет ететін халыққа денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау саласында тегін көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың барлық қайырымдылықтары Қорға тек ерікті негізде жасалады.
"Қазақстан халқына" қорынан көмек алу үшін қалай өтініш беру керек?
"Қазақстан халқына" қорының көмегіне жүгіну үшін сізге Қордың цифрлық порталында өтінімді толтырып, оған барлық растайтын қажетті құжаттарды (5 құжатқа дейін қоса беріледі) қоса беру керек.
Авторизация үшін сізге digital-id немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы сәйкестендіру қажет. Өтініш күйін жеке кабинетіңізден де тексеруге болады.
Өтінім бермес бұрын Қордың қайырымдылық көмек көрсету бағыттарымен танысып алу керек.
"Қазақстан халқына" қоры кімдерге көмектеседі?
Бірінші кезекте Қордан мына санаттағы адамдар көмек алады:
- Ауыр және сирек кездесетін аурулары мен мүгедектігі бар балалар;
- Қиын жағдайдағы балалар;
- Жетімдер;
- Болашақта аурулар мен мүгедектіктің даму қаупі бар нәрестелер;
- Өмір сүру жағдайлары ең төменгі табыс пен тұрғын үй стандарттарына сәйкес келмей, өміріне қауіп төнетін балалары бар отбасылар;
- Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін құтқару кезінде қаза тапқан немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары;
- Сирек кездесетін аурулары бар ересектер;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендер.
Сондай-ақ Қор даму бағдарламаларының мына бағыттары қаржыландырылады:
- Балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымын, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызды қызметтерді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдеседі;
- Мүгедек, ауру немесе әлеуметтік бейімделу проблемасы бар баланы асырап алған, қамқоршылық немесе патронаттық тәрбиеге алынған отбасыларға көмек көрсетеді;
- Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету үшін білім беру орындарымен өзара әрекеттесу;
- Болашақта балалардың аурулары мен мүгедектігінің ықтимал дамуын болдырмау үшін нәрестелерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
- Жетім балалардың бейімделуіне көмек көрсету;
- Мүгедектердің (балалар мен ересектердің) әлеуметтік дағдыларды меңгеруіне және спорттық протездер мен жабдықтарды пайдалануға бейімделуіне жәрдемдесу;
- Дарынды балалардың дамуына ықпал ету;
- Медициналық тәжірибені локализациялау;
- Қолжетімді медицина;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға жәрдемдесу.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат қоғам назарына ұсынылып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова